BANNER

Қазақстанда 17 шілдеде теледидар мен радио жұмыс істемейді

Фото: pexels.com

«Қазтелерадио» АҚ 2024 жылғы 17 шілдеде сағат 3.00-ден 17.00-ге дейін тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтер жабылады. 

 «Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша теле және радиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада.