Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көшербаеваның айтуынша, жыл сайын республикада адам саудасына қатысты 150-ге дейін қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелген.
"Оның ішінде органдарды сату бойынша 15 қылмыстық іс, органдарын сату мақсатында адам ұрлау бойынша - екі іс, органдарын сату мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша - үш іс, адам саудасы бойынша - 15 іс, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша - 12 іс, және кәмелетке толмаған адамдар саудасы – үш оқиға, жезөкшелікке тарту – жеті факт, притон ұйымдастыру және сутенерлік – 77 факт", - деді полиция қызметкері.