BANNER

Қазақстанда доллар 1000 теңгеге жетеді – экономист

Фото: depositphotos.com

Қазақстандық экономист доллардың 1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық экономист Сәбит Рысбаев Facebook парақшасында ұлттық валютаның болашағына алаңдаушылық білдіріп, жазба жариялады. Оның пікірінше, алдағы уақытта теңгені кезекті ауыр девальвация күтіп тұр. Ол болжамдарында өткен тәжірибеге және әлемдегі қазіргі саяси-экономикалық оқиғаларға сүйенеді.

“Ресейдің Орталық банкісі өткен айда пайыздық ставканы 21%-ге көтерді. Ресейдің тарихында болмаған мұндай пайыз. Ипотекалық кредиттері 40%-дан асты. Ресей долларды ұстап тұру үшін мәжбүрлі түрде барды бұған. Желтоқсанда тағы да отырыс болады. Сол кезде 23%-ке шығарады екен деген сыбыс бар”, – дейді сарапшы өз жазбасында. 

Экономист теңгенің бағамы ресейлік рубльге тығыз байланысты екенін атап өтті. 

“Ресейде 1998-де девальвация болды. Рубль 4 есе құнсызданды. Қазақстанда 1999-да президенттік сайлау өтті. Артынан теңге 2 есе құнсызданды. Ресейде 2014-те рубль 1 түнде 2 есе құнсызданды. Қазақстанда 2015-те сайлау өтті. Артынан теңге құнсызданды. Ресейдегі рубльге күніміз қарап отыр. Одан бері түрлі одақтарға кіріп алдық. Алда бізге де оңай болайын деп тұрған жоқ. Айдың күннің аманында Ұлттық банк теңгені ұстай алмауда. Ертең рубль тағы да 2-3 есе құнсызданса, Қазақстанда доллар 1000-нан асады”, – делінген жазбада.