Иорданияның Амманда қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының алтыншы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Жексенбі, 6 қарашада қазақстандық жеті боксшы шаршы алаңға шығып, олардың алтауы жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.
Сонымен ерлер арасында 48 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Махмуд Сабырхан, 57 келіде Серік Теміржанов, 60 келіде Саматәлі Төлтаев, 67 келіде Дулат Бекбауов жеңіске жетсе, әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 келі) тайлық Типсатча Йодвариді (5:0) жеңсе, Римма Волосенко (60 келі) моңғолиялық Номин-Эрдэнэ Тугсжаргалдан (2:3) ұтылды.
Сондай-ақ, 2022 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында тағы сегіз спортшы бақ сынасады. Сәкен Бибосынов (51 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Мәдина Нұршаева. (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі), Гүлсай Ержан (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі). Осылайша, барлығы он төрт қазақстандық боксшы 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне кепілдік беріп үлгерді.