BANNER

Қазақстандық 2 азамат Ресейде теракт жасамақ болған 

Vesti-ural.ru

Ресейдің арнайы қызметі Мәскеу синагогасына бағытталған шабуылдың алдын алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ASTRA телеграмм арнасына сілтеме жасап. 

"Вилаят Хорасан" тобының қатысушылары Калуга облысындағы жеке үйде жасырынған. Оларды ұстамақ болған кезде күдіктілер қарсылық көрсетіп, арнайы қызмет оқ атуға мәжбүр болған.

“ФСБ мен күдікті исламистер арасындағы атыс 7 наурызда таңертең Коряково ауылында болды”,  – деп хабарлайды Astra.

Нәтижесінде күдікті деп танылған Қазақстан азаматтары, 35 жастағы Сәбит Аширалиев және 32 жастағы Жәнібек Тасқұлаев мерт болды. Олар Ремейге биыл 28 ақпанда келген.