Қазақстандық блогер Разия Кузиева әлемде кеңінен тараған трендті қазақы нақышта жаңғыртып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы түсірілген видеоны жариялаған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнероликтен қазақтың ұлттық киімі, төл тарихы мен Алматы қаласының көрікті жерлерін көруге болады. Блогердің айтуынша, трендті қайталап, ерекше видео түсіруге 4 миллион теңге жұмсалған.
«Бұл трендті қайталауға 4 миллион теңге қаражат кетті. Киім алдық, локацияларды өзгерттік, арнайы актерлерді жалдадық», – дейді Разия Кузиева.
Қазақы құндылықтарды заманауи форматпен ұштастырған видео бүгінде 2,3 миллион қаралым жинаған.