BANNER

Қазақстандық блогер Supermamasita Америка әуежайында шу шығарды

Фото: https://www.instagram.com/super.mamasita/

Supermamasita лақап атымен танылған Әлия Байтуғаева шетелде шу шығарды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер АҚШ-қа марафонға қатысу үшін барған. Оқиғаның мән-жайын жеке парақшасында айтып берді. 

“Әуежайда ұшақтан түскенде, телефонымды бордта ұмытып кеткенім есіме түсті. Мен телефонды алу үшін жүгірдім, ал жолаушыларды өткізетін әйел мені кіргізбеді. Ол менің ұшаққа кіре алмайтынымды айтты. Әрине, мен есеңгіреп қалдым. Шынымен қатты қорықтым. Мен барлық жұмысымды телефонмен жасаймын. Телефонымда барлық карта мен ақшам бар. Оны біреу алып кетіп, сол жерде ұрлап кете ме деп қорықтым. Барлығына бастан-аяқ түсіндірсем де, өзім ойлағаннан ұзаққа созылды", – деді блогер. 

Одан кейін полиция қызметкерлері келіп, оқиға әрі қарай жалғасқан. 

“АҚШ-қа марафонға қатысу үшін келген едім. Олар бізді түсініп, бәрі оңынан шешілді. Алайда мен оларға дауыс көтергенім үшін кешірім сұрауға мәжбүр болдым. Егер айыппұл салса 14 мың АҚШ долларын төлеуші едім. Олар мені кешірді”, – деді Мамасита.