BANNER

Қазақстандық Эльбрус шыңының ең биік нүктесіне шығып “Адай” күйін шертті

Фото: видео скрин

Қазақстандық домбырашы Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста домбырамен "Адай" күйін шертті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

26 жастағы астаналық музыканттың айтуынша, Эльбрус шыңына бір аптада көтерілген. Ал дайындық алты айға созылыпты.

Әлібек – музыкант, бірақ музыкадан бөлек, тауға шыққанды ұнатады. Қазақстандық Эльбрус шыңына көтерілген командада 15 альпинист болғанын айтты.

"Ал домбыраға келсек, ол жеңіл. Сол себепті кез келген жағдайда зақымдануы мүмкін. Сондықтан сынып қалмас үшін оны кәдімгі орамалмен орап алдым. Сыртынан қаптағанға жұмсағырақ материал алдым. Төменге қарай құлап кетпеуге тырыстым. Домбыра зақымданған жоқ”, – деді домбырашы. 

Орыстың ұлы энциклопедиясына сәйкес, Эльбрус – Еуропа мен Ресейдегі ең биік тау жотасы. Кабардин-Балқар және Қарашай-Черкес республикаларының шекарасында, Үлкен Кавказдың бүйірлік жотасында орналасқан. Эльбрус 23 мұздықтан тұратын мұз кешенімен жабылған.