BANNER

Қазақстандық спортшы парабиатлоннан әлем чемпионы атанды

Фото: SputnikKZ

Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов парабиатлоннан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ербол Хамитов жекелей сында 12,5 шақырымды 35:29.01 уақытымен аяқтап, әлем чемпионы атанды. Екінші орында - канадалық Дерек Заплатонский (35:36:3), ал американдық Аарон Пайк (35:37:8) үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін қазақстандық спортшы 7.5 км спринттік жарыста қола медальді (20:55) жеңіп алған болатын.