BANNER

Қазақстанға 900 дана қоқыс таситын көлік қажет

Фото: unsplash.com

Оның ішінде 223 данасы инвестициялық жобаларда қарастырылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Ірі қалаларда 1681 қоқыс таситын көлік бар. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты. 

"Қалдықтарды басқарудың маңызды бөлігі – жеткілікті деңгейде контейнерлер мен қоқыс таситын көліктермен қамтамасыз ету. Әкімдіктердің мәліметінше, бүгінде елімізде 133 мың дана контейнер бар, ал қосымша қажеттілік 60 мың дананы құрап отыр. Ірі қалаларда 1681 қоқыс таситын көлік қызмет етеді, қосымша қажеттілік шамамен 900 дананы құраса, оның 223 данасы инвестициялық жобаларда ескерілді", - деді ведомство басшысы.

Министр контейнерлер мен қоқыс таситын көліктер жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен сатып алынатынын атап өтті. 

Ерлан Нысанбаев бұл ретте Қызылорда және Жетісу облыстарының тәжірибесіне тоқталды. 

"Бұл өңірлерде жобалар облыс орталығында ғана емес, аудандарда да пысықталды. Шешім қабылдау барысында қалдықтардың қалыптасу көлемдеріне, логистика мен қажетті инфрақұрылымды тиімді орналастыруға басты назар аударылды", - деп толықтырды ол.