BANNER

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Фото: unsplash.com

Астана, Алматы мен Шымкенте 1 шілде күні ауа райы қандай болады

Бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,2 м/с деңгейінде болмақ.