BANNER

Қ.БАЙЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КОНЦЕРТТІК БІРЛЕСТІК БҚДАД НҰСҚАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК мониторингін аяқтады.

Мекеме қызметінің бірқатар түрлері монополияға қарсы органның келісімінсіз енгізілгені анықталды, бұл бәсекелестік саласындағы заңнаманың талаптарын бұзады.

Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кәсіпорынның құрылтайшысы — " Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ сәйкес келмейтін қызмет түрлерін алып тастап, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізді.

Нұсқама орындалды. Бұзушылықтар жойылды.