Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновқа тіл тигізді

Ашық дереккөз

Швециядан шыққан шешен Хамзат Чимаев әлеуметтік желіде қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмоновты балағаттады, - деп хабарлайды  Vesti.kz 

Бұған дейін Рахмонов сұхбатында Чимаевтың шеберлігіне тәнті емес екенін және онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Чимаев Рахмоновтың сұхбатын көріп: "Бұл тағы қай ақымақ?", - деп жазды күліп тұрған белгі қойып. Кейін спортшы жазбасын өшіріп тастады.

Шавкат Рахмонов UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ол сонымен қатар әуесқойлар арасындағы ең жас әлем чемпионы және M-1 Global промоушнының чемпионы.