АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат, вице-президент Камала Харрис Республикалық партиядан сайлауға түскен қарсыласы, бұрынғы президент Дональд Трампқа телефон шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.
"Харрис сәрсенбі күні сайланған президент Трампқа телефон шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтады", - делінген агенттік хабарламасында.
Дереккөздің айтуынша Харрис Трамппен билікті бейбіт жолмен тапсыру мәселесін талқылаған.
Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа жеделхат жолдап, сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.
Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.