BANNER

Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубына ауысты

pixabay.com

Дүйсенбіде «Реал Мадрид» француз шабуылшысы Килиан Мбаппені келесі бес маусымға сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Еuronews.

Алайда футболшының жаңа клубтағы тұсаукесері жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатында Франция құрамасы сапында өнер көрсеткеннен кейін ғана өтеді.

Бұл мәлімдеме Лондондағы «Уэмблиде» өткен финалда «Реал» дортмундтық «Боруссияны» 2:0 есебімен жеңіп, 15-ші Еуропа кубогын жеңіп алған соң екі күннен кейін жасалды.

25 жастағы Мбаппе «Париж-Сен-Жерменнен» кететінін ресми түрде мамыр айында жариялады, ал клубқа бұл туралы ақпан айында хабарлаған.

Форвард Париж командасына 2017 жылы 180 млн еуроға ауысып, 256 гол соғып, ПСЖ рекордшысы атанды.