BANNER

Көкшетауда 22 жастағы жігіт некесін қиған күні өлі күйінде табылды

Фото: sinegor.kz

Көкшетауда өткен түні көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Туыстарының сөзінше, қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді. 

"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің өкілдері. 

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Марқұм жігіттің туыстары журналистерге оның соңғы видеоларының бірін көрсеткен.