Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирусты 51 адам жұқтырып, 2 адам аталған дерттен айығып кеткен.
Айта кетейік, қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты 35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын.
4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сондай-ақ 4 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.