Қостанайда 28 шілде сегізінші қабаттың терезесінен әйел секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Быковский көшесі 3 "а" мекенжайы бойынша, сағат 10:00 шамасында көпқабатты үйде орын алды.
Оның үйде екі баласы қалды. Бір бала бір айлық, ал екіншісі — 2017 жылы дүниеге келген. Оқиға кезінде күйеуі балық аулауға шыққан.
Жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлім туралы хабарлады.