BANNER

Костенко шахтасындағы апат: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

Ашық дереккөз

Бас прокуратура қоғамда резонанс туғызған оқиғалар туралы, оның ішінде Костенко шахтасында болған апатты тергеу жайында айтып берді. Бұл істе 9 адам күдікті деп танылған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ведомствоның Telegram-арнасындағы мәліметіне сүйенсек, Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергелуде.

Сондай-ақ, Костенко шахтасында болған апатқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын.

"Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, желтоқсанда ТЖМ трагедияны тергеу барысында Костенко атындағы шахтада жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі дәлелденгені айтылған мәлімдеме жариялады. Сол күні Бас прокуратура көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді деген күдіктілердің 7-еуі ұсталып, изоляторға қамалғанын мәлімдеді, бұл шахтада қайғылы жағдайға әкеп соққан.

Қаңтар айының басында ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов комиссия қайғылы оқиғаға кінәлі болуы мүмкін 19 адамды анықтағанын хабарлады.

«46 кеншінің қазасына кінәлілер қатарында АМТ бас директоры Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры Белый мырза, көмір департаменті атқарушы директорының орынбасары Огай және тағы басқалары бар», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті. 2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.