Видео Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында түсірілген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысының білім басқармасы видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
Видеода 2025 жылғы түлектер көрсетілген. Түлектің айтуынша, бұл жазба 2023 жылы жасалған.
“Сол уақытта педагогтар бұл жағдайдан хабардар болып, балалармен түсіндіру жұмысын жүргізген. Екі түлек те лицейді 2025 жылы мамырда тәмамдаған. Қазіргі уақытта бірі Павлодарда, екіншісі — Алматыда оқиды”, – делінген хабарламада.
"Курсантты қылқындырып, видео түсірген": Желіде “Жас Ұлан” әскери мектебінде түсірілген видео тарады
Фото: Life09
