Мемлекет басшысы медициналық сақтандыружүйесіне қатысты бірқатар заңнамалық актілергеөзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұлөзгерістер қарапайым пациенттерге және жалпыжүйеге қалай әсер етеді? Осы туралы Қарағандыоблысы бойынша «Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Фазыл Копобаев жауапберді.
1. МӘМС жүйесіндегі қандай негізгі өзгерістердіатап өтер едіңіз?
– Ең алдымен, бұл – халықтың міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіменқамтылуын кеңейту. Бүгінде Қарағанды облысында954,6 мыңға жуық адам сақтандырылған, бұл – облыс тұрғындарының 84%-дан астамы. Алайда178 мыңға жуық адам жүйеден тыс қалып отыр.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ресмитіркелген жұмыссыздар үшін жарналарреспубликалық бюджеттен емес, жергілікті бюджет есебінен төленетін болады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарәлеуметтік әл-ауқат деңгейі төмен (D және E) азаматтар үшін де жарна төлейді. Облыс бойыншабұл шамамен 51 мың адам.
Бұл жергілікті билікке қалай әсер етеді?
- Бұл әкімдіктердің халықты жұмыспен қамтубойынша жауапкершілігін арттырып, жұмысорындарын ашуға, кедейлікті азайтуға жәнебелсенді шаралар қабылдауға ынталандырады.
2. Азамат уақытша жарна төлеуді тоқтатса не болады?
– МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектіқамтамасыз ету мақсатында жарналарды кемінде 5 жыл (60 ай) қатарынан төлеген азаматтар уақытшатөлем тоқтаған жағдайда 6 ай бойысақтандырылған мәртебесін сақтап қала алады(қазіргі кезде бұл мерзім – 3 ай).
Алайда бұл төленбеген кезеңдер үшін төлемненбосатылады деген сөз емес. Мысалы, егер азаматтұрақты түрде жарна төлеп жүрген болса, бірақжұмысынан айырылып, табыссыз қалса – ол әлі де МӘМС аясында медициналық қызмет ала алады. Алайда кейін бұл қарызды өтеу қажет.
3. Мемлекет тарапынан төленетін жарналарғане өзгереді?
– Қазақстанда мемлекет жеңілдігі бар 15 санаттағыазаматтар үшін жарналарды төлейді (балалар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, жүктіәйелдер, студенттер және т.б.).
2025 жылы жарна мөлшері – 2%, ал 2027 жылданбастап 2,2%-ға, 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейінкезең-кезеңмен артады. Бұл ретте, қызметкерлермен жұмыс берушілер үшін жарна мөлшеріөзгеріссіз қалады.
4. Бірыңғай медициналық көмек пакеті деген не?
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында медициналыққызметтерге әділ әрі тең қолжетімділіктіқамтамасыз ететін Бірыңғай медициналық көмекпакетін қалыптастыру туралы айтты.
2026 жылдан бастап онкологиялық ауруларғаскринингтер ТМККК пакетіне енгізіліп, барлықазаматтарға, сақтандырылған мәртебесінеқарамастан, тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, 8 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша (туберкулез, ВИЧ, вирустық гепатиттер мен бауыр цирроздары, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтықбұзылулар, сирек кездесетін аурулар, миокард инфарктісі, инсульт) кеңес беру мен диагностикалық көмек те тегін көрсетіледі (бүгінде тек ВИЧ пен туберкулез бойынша ғана бар).
2026 жылдан бастап МӘМС базалық пакетінекелесі қызметтер кіретін болады:
– амбулаторлық диализ,
– консультативтік-диагностикалық көмек,
– амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету,
– жоспарлы түрде 12 топтағы созылмалыауруларды бақылауда ұстау бойынша стационарлықжәне стационарды алмастыратын көмек (мысалы, бауыр аурулары, қан және қан жасау жүйесінің аурулары, қалқанша без аурулары, буындар, омыртқа аурулары, сүтбезінің ісіктері, жүрек ақаулары және т.б.).
5. Мұндай кеңейтулер кезінде жүйеніңқаржылық тұрақтылығы қалай сақталады?
– Медициналық көмек көрсетудің негізі – қаржылық тұрақтылық. Осыған байланысты 2026 жылдың қаңтарынан бастап жарна мен аударым есептелетін ең жоғары шек жаңадан белгіленеді: жұмыс берушілер үшін – 40 АЕК, қызметкерлер үшін – 20 АЕК. Бұл – жүйенің тұрақтылығын сақтап, салық жүктемесін арттырмайтын ымыралы шешім (бастапқы ұсыныс 50 АЕК болатын).
Осы өзгерістің нәтижесінде МӘМС жүйесінің кіріс бөлігі жылына шамамен 200 млрд теңгеге артады.
6. Қорытындылай келе не айтар едіңіз?
– Қабылданған өзгерістер МӘМС жүйесінәділеттірек, тұрақтырақ әрі қолжетімдірек етті. Бұл– әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайынақарамастан сапалы медициналық көмек алуынабағытталған нақты қадам.