BANNER

Мемлекеттік қызмет: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер

Мемлекеттік қызмет істері

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Сәрсен мемлекеттік қызметке жастарды тарту мақсатында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кіру бойынша енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметтің артықшылықтары және конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу туралы ақпарат берілді.

Атап өту қажет, Қарағанды облысында өзгерістердің нәтижесінде ЖОО-ның 20 жуық түлегі конкурссыз негізде мемлекеттік қызметке орналасқан.

Кездесу соңында Департамент басшысы Ж. Сәрсен болашақ түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетке қызметке кіруге шақырды.