Қаржы пирамидасын жарнамалады деп сотталған Мейірхан Шерниязов әріптесі Мейіржан Төребаевқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әзілкеш жақында рақымшылыққа ілініп мерзімінен бұрын босап шыққан еді. Мейірхан оқырмандар жиі қоятын сұрақтарға шолу жасады.
“Үйқамақтағы 6 айы есепке алынған жоқ. Себебі, сот процесі кезінде Мейіржан жарты жыл үйқамақта болды. Міне, дәл осы себепті ол бостандыққа шыққан жоқ. Оның ертерек бостандыққа шығуы үшін дұға етіп қояйық", – деді Шерниязов желіде жариялаған видеосында.
Еске салайық, блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген еді. 2023 жылғы маусымда сот үкімі шығып, сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Өткен жылы сот келтірілген шығынның толық өтелмеуіне байланысты вайнер Мейірхан Шерниязовтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмаған болатын.