BANNER

"Мейрамхана 700-800 адамға арналған": Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде өткізбек

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі ұлының тойын тікелей эфирден көрсететінін айтты. 

"Аллаға шүкір өз аузымыз өз қолымызға жетіп, шамамыз да жетеді той жасауға. Алайда осыншама адамның тілектес болып атсалысады деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Алла разы болсын бәріне, қаншалықты лайықтымын осындайға. "Сәкен аға, сіздің де шарапатыңызды, шапағатыңызды көп көрдік", деп жатқан асыл азаматтарымыз, қарындастарымыз көп екен. Бізге келіп жеткен толассыз хаттар "бізді де шақыра салыңыздаршы", "жай тойда жүрейікші" деген жүз шақты хат келді. Дайректіме де, ватсапқа да жазып жатыр. Мейрамхана 700-800 адамға ғана арналған. Алайда біз жай қатысқымыз келеді” деп жатқандар бар”, – деді әнші. 

Одан кейін негатив жазып, тойын сынап жатқандарға да үндеу жасады. 

“Қазір енді дұрыс қабылдайды деп ойлаймын, әрине негатив жазатындар да бар. "Сенің тойың кімге керек" деп жазып жатқандарға айтарым, ондайға менің иммунитетім қалыптасқан. Бірақ шынында тойға қатысқысы келетіндер өте көп. Сондықтан тойды тікелей эфирде көрсетеміз бе деп отырмыз. Оған әрине тіркелу керек болатынын құлағдар еткім келеді", – деді әнші.