BANNER

МӘМС туралы өзекті сұрақтарға жауаптар

Лайф09

Қазіргі уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Осыған байланысты, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Сізге қаралуға немесе бейінді маманның кеңесіне жолдама берілді, бірақ жақын арада ол тексерулерге жазба жоқ. Нәтижесінде сіз көп уақыт күтесіз. Осындай жағдайда не істеу керек?

Бұрын науқастар қызметтерді тек өз емханаларында ала алатын - тіркелген жері бойынша немесе белгілі бір диагностикалық орталыққа қымбат тексеруге квота күтуге тура келді. Бүгінгі күні, егер емхана жоспарлы медициналық көмекті екі апта мерзімде уақтылы ұсына алмаса, науқасқа тегін негізде қажетті консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымға жолдама берілуі тиіс.

Егер сізге бұдан бас тартылған жағдайда, мәселені шешу үшін емхананың науқастарды қолдау қызметіне немесе емхана директорының емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына хабарласу қажет. Немесе медициналық сақтандыру қорына өтінішті ресми кері байланыс арналары арқылы fms.kz сайтта «сұрау жіберу» бөлімінде, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы қалдыра аласыз.

Сақтандырылған мәртебесінің болмауына байланысты сізге скринингтерден өтуге бас тартылды. Осындай жағдайда не істеу керек?

Кейбір ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өту үшін сізге сақтандыру мәртебесі қажет. Бірақ 30 бен 70 жас аралығындағы сақтандырылмаған азаматтарға скринингтік басқа тексерулер бар. Бұл көздің ішкі қысымын өлшеу, жалпы холестерин мен глюкозаны анықтау, ЭКГ, учаскелік терапевт/жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауы.

МӘМС бойынша артық немесе қате есептелген қаражатты /жарналарды/ өсімпұлдарды қалай қайтаруға болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа (Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 2 үй, 2-қабат) өтініш жазу керек және төлемді растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Өтініштерді қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады. МӘМС үшін соңғы төлемнің сомасы мен күнін е-үкімет egov.kz порталындағы жеке кабинетте, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасында, Телеграмм-дагы @saqtandyrybot" арқылы тексеруге болады.

Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?

Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына 2-3 рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Үшінші кезеңді оңалту емханаларда, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында науқастың ауруына байланысты емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша жүргізіледі.

Егер жеке кәсіпкер жеңілдікті санатына кіретін болса, оған МӘМС үшін жарна төлеу керек пе?

Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ЖК «МӘМС туралы» ҚР Заңына және ҚР Салық кодексіне сәйкес төлейді.

ЖК, егер ол мынадай санаттардың біріне жататын болса, өзі үшін МӘМС жарналарын төлеуден босатылады: балалар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мүгедектер, күндізгі нысанда оқитын студенттер және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар. Алайда, сол ЖК-дің жалдамалы жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде МӘМС үшін аударымдарды төлеуге және олардың жалақысынан жарналарды ұстап қалуға міндетті.

Егер оның қызметкері жоғарыда аталған 5 жеңілдікті санаттың кез келгеніне жататын болса, онда ЖК МӘМС үшін жұмыс беруші ретінде ол жұмыскерлер үшін төлем жасамайды.

Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жатсаңыз, бірақ МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса не істеу керек?