Мәжіліс депутаттары «орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Депутат Айгүл Құспанның айтуынша, мұндай ұйымды құру туралы шарт 2023 жылғы 13 қазанда Бішкекте жасалған.
«Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ-ның ресми тіл мәртебесіне ие. Шарт тараптар арасындағы достықты, тату көршілікті, өзара түсіністікті және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, оның ішінде орыс тілін мемлекетаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде қолдау және ілгерілетуге бағытталған»,деп Айгүл Құспан Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
Қазан айында депутат Дәулет Мұқаев Қазақстан мектептерінде орыс тілін оқытудағы проблемаларға назар аударды. Оның пікірінше, бастауыш сынып оқушыларына арналған орыс тілі оқулықтары тым күрделі.