BANNER

Найзағай, жел және аптап: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: unsplash.com

Синоптиктер 12 маусымда еліміздің 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.