BANNER

Оралда тоғыз айлық бала эскалатордан құлап кетті

Фото жүктелмеген

Бала қазір қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мой город» порталының мәліметінше, оқиға 13 наурызда болған. Анасы мен баласы сауда орталығында эскалаторға мініп, көтеріліп келе жатқан. Бір кезде бала әйелдің қолынан сырғып түсіп, төменге құлап кеткен.

Полиция осы істі тексеріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Қыз бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Сонымен қатар балаға кең көлемде қан кету диагнозы қойылды.