BANNER

Павлодарда бала уланды: фармацевт дәрілерді шатастырып алған

tengrinews.kz

Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алып, салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Полицияға кішкентай баланың улану дерегі бойынша қоңырау түскен.

"Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Кейін фармацевт қала тұрғынына дәріні қателесіп сатқаны белгілі болды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.