BANNER

Пәкістанда елшілер кортежін алып жүрген көлік жарылды: арасында Қазақстан дипломаты болған

Фото: SputnikKZ

Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дипломаттардың арасында Қазақстан елшісі де болған. Абырой болғанда, олар дін аман. Алайда үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, делегация өкілдері Исламабадқа оралды. Олар Исламабад қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм жөніндегі конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бағыт алған еді.