2025 жылғы 3 маусымда Приозерск қаласында «Цифрлық қауіпсіздік: онлайн алаяқтардан қалай қорғануға болады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Приозерск қаласындағы барлық мектеп директорлары, педагогтер, білім беру саласының өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – педагогтер қауымының цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың заманауи түрлері мен одан қорғану жолдары туралы ақпараттандыру.
Қатысушылар интернет кеңістігіндегі өзекті қауіптерді, жиі кездесетін алаяқтық схемаларын және мұндай қылмыстардың алдын алу тәсілдерін талқылады. Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесіне, киберқауіптердің алдын алуға және қызметкерлерге цифрлық қауіпсіздік негіздері бойынша тұрақты оқыту жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара білім беру саласы қызметкерлері арасында қауіпсіз цифрлық мәдениетті қалыптастыру мен киберқауіпсіздікті күшейту бағытындағы маңызды қадам болды.