2025 жылғы 3 маусымда Приозерск қаласында «Киберқауіпсіздік: нәтижелер мен жаңа сын-қатерлер» тақырыбында қорытынды форум өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысының полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.
Форум жұмысына Приозерск қаласының барлық мектеп директорлары, педагогтер, білім беру саласының өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар цифрлық қауіпсіздік саласында жүзеге асырылған бастамалардың нәтижелерін талқылап, қазіргі кездегі киберқатерлерді атап өтіп, алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі.
Форум барысында педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, білім беру мекемелеріндегі киберқатерлердің алдын алу, сондай-ақ мектептер мен уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Спикерлер цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Аталған форумның өтуі білім беру жүйесінде интернет-қауіптерге қарсы тұру және киберқауіпсіздікті арттыру бойынша бірыңғай стратегия қалыптастыруда маңызды қадам болды.