Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту.
Кездесу барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға жалпы 30 адам қамтылды. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Мұндай кездесулер азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді.