BANNER

"Qarmet" компаниясында қайғылы оқиға орын алып, 1 адам көз жұмды

Qarmet

Бұрынғы «АрселорМиттал Темиртау» қазіргі «Qarmet» компаниясында тағы да қайғылы оқиға орын алып, 1 адам қаза тапты,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

«Қайғылы 11 наурыз күні, 3-ші ауысымда шамамен түнгі сағат 1-ден жиырма кеткенде орын алған. №64 секцияның 41К7-В  камерасын  құрастыру кезінде арнайы кронштейннің болты сынып, соның салдарынан үстіңгі жағы құлап, бір жұмысшыны басып қалған. 1980 жылғы жұмыскер оқиға орнында көз жұмды»,-делінген компания таратқан хабарламада.