BANNER

Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығынан жалақыларын көтеруді талап етті

pexels.com

Qazaq Air әуе компаниясының ұшқыштары компания басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі  Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшқыштар басшылыққа бірнеше талап қойып, өтініш жолдаған. 

Талаптардың ішінде: түнгі рейстер үшін төлем тәртібін қайта қарау, командирлер мен екінші ұшқыштардың жалақысын арттыру, сондай-ақ әуеде өткізілген сағаттарға төленетін ақы мөлшерін көбейту бар.

Көлік министрлігі Qazaq Air басшылығынан ұшқыштардың өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды талап етті.

Еске салсақ, бұған дейін, Қостанай - Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы техникалық ақауға байланысты Қостанай әуежайына қайта оралғаны туралы жазған едік. Ұшақ көтерілмек болған сәтте дөңгелектен ұшқын шығып, өртене бастаған. Көлік министрлігі аталған дерек бойынша тергеу бастады.