Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді.
«Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобымен 50 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды.