BANNER

Раушан Құдайберген кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды

Фото: видео скрин

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің қарындасы желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен түсірілген видео жариялады.

Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі – Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші Ермахан Аймахан.

Осыған дейін журналист Анна Данченко Раушанның суретін жүктеп, былай деп жазған: 

«Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан сырғалым атанды», - деп жазған журналист.