Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында жолығады,- деп хабаралайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Отандастарымыз Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Рыбакина чехиялық Сара Бейлекті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңсе, Путинцева әлемдік рейтингте 10-орында тұрған, ресейлік Дарья Касаткинаны үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Енді екеуі ширек финалда бір-біріне қарсы ойнап, жартылай финалдың жолдамасы үшін таласады.