BANNER

Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалды

instagram желісінен

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.

«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», - деді Ермұхамет Ертісбаев.

Еске сала кетсек, 13 мамырда алқабилер ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды.