BANNER

Сенімсізді секем құртады

Ашық дереккөз

Қазір бәріміз құмартатын Apple компаниясын құрған үшінші адам бар. Біз көбіне Стив Джобс пен Стив Вознякті айтамыз да, үшіншісінің есімін еске де алмаймыз.

Үшіншінің ұмыт болуына сенімсіздік әсер еткен секілді. Немесе табандылық жетіспеді. Себебі, үшінші адам Рональд Уэйн компанияның болашағына сенбей, өзінің үлес акциясын 1973 жылы небәрі 800 долларға сатқан болатын. Оның үлесі компанияның 10 пайызын құрайтын. Жасап жатқан ісіңізге сенбесеңіз, қандай жарға жығарын көрдіңіз бе?! Кезінде 800 долларға ғана бағаланған үлесі, 2021 жылы 300 млрд долларға бағаланған. Құр қалды деген осы!

 

Ақерке Аянқызы