Облыс әкімі Шахтинск тұрғындарының жылу станциялары бойынша шағымына жауап берді.
«Өңірде 7 станция, 400 қазандық бар. Шахтинскта апат болғанын білесіздер. Апат көмірдің сапасына байланыста болды. Біз тез арада шара қолдандық. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ. Биыл қазандықтарды жөндеуді жоспарлануда. 7 станцияны жөндеуге қаражат бөлінеді. Күн тәртібінде Теміртау қаласындағы қазандықты салып бітіру де бар. Оны аяқтасақ Теміртау қаласы толықтай жылумен қамтылады»,- деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.