BANNER

Шерзат Полат ісі: судья желіде сот процесіне қатысты жеке пікірін білдірген блогерлерге ескерту жасады

Фото: видео скрин

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Судья Ержан Жанұзақов сот отырысы туралы пікір білдіріп, құқықтық баға берген блогерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Судья сот отырысын ескертуден бастады. Сөзінше, іске мүлдем қатысы жоқ тұлғалар сот талқылауы мен тергеуге қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беруге құқығы жоқ.

“Констуцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, сот төрелігін тек сот іске асырады. Сот ісіне қандай да бір араласуға жол берілмейді. Заңды тәртіпте ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Үкім заңды күшіне енгенге дейін сот процесін түсіндіруге, құқықтық баға беруге берілмейді. Сот бәрін жан-жақты, объективті зерттеуге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті, жеке мүдделілігі болмауы және біреудің ықпалына түспеуге тиіс. Ол бәрін заң аясында шешеді. Сот тергеу сатысында, қорытынды үкім шығарылған жоқ”, – деді судья.

Ол үкім шыққанға дейін судьяға сын айтуға болмайтынын айтып, ескерту жасады. Сөзінше, бұл судьяға қысым көрсету деп бағаланып, ол үшін жазаға тартылуы мүмкін.