BANNER

Шымбұлақтағы аспалы жол тоқтап қалған

Stan.kz

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында “Комби-2” аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД құтқарушылары кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен төмен түсірді. Сонымен қатар, Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақ қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.