BANNER

Шымкентте 7 жасар бала суға толы шұңқырға құлап, мерт болды

Фото: видео скрин

Шымкентте 1-сынып оқушысы қоршалмаған шұңқырға құлап, мерт болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуірде Тұран-1 ықшамауданында болған. Жеті жасар бала кешкі сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Шамамен 22:00-де оның денесі тереңдігі шамамен 2 метр, өлшемі шамамен 4х50 метр, суға толы шұңқырдан табылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерге арналған септик үшін шұңқыр бірнеше жыл бұрын қазылған, бірақ жұмыс тоқтап, ашық қалған. Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суға толып кетіпті.

Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.