BANNER

Шымкенттік батыр ана 39 жасында оныншы баласын дүниеге әкелді

Фото: SputnikKZ

39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова он баланың анасы атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Келіншектің 6 қараша күні толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Тоғыз баланың анасы оныншы сәбиін табиғи жолмен босанған. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 10 баланы 20 жылда өмірге әкелген. Көпбалалы отбасы қазір Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген.