"Қазгидромет" 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі stan.kz сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қатты жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстік өңірлерде қар жауса, ал оңтүстік аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұрқасын желдің күшейіп, көктайғақ пен тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.