BANNER

Спорттағы жемқорлық үшін жаза күшейтілді

Фото: freepik.com

Өзбекстанда спорт саласындағы жемқорлық үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ел президенті Шавкат Мирзиеев жаңа заңға қол қойды. Енді спорттық жарыстар кезінде пара бергендер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңа заңда жарыс нәтижелерін қасақана өзгертуге бағытталған әрекеттері үшін заңсыз сыйақы алатын спортшы, жаттықтырушы, төреші және басқа да жарыс ұйымдастырушыларына 50-ден 100-ге дейін базалық есептік шамада айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ, бопсалау немесе құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жаза күшейтіледі.