Шығыс Қазақстан облысында 19 жастағы шекарашы сарбаз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға Зайсанда 7 қараша күні кешкі сағат бесте болған. Сарбаз өзіне АК-47 мылтығынан екі рет басына оқ атқан. Марқұм сарбаз Түркістан облысының тумасы.
Оқиға орнынан қоштасу хаты табылмады. Сарбаз оқ жарақатын алса да, өлімінің себебін "механикалық тұншығу" деп көрсеткен. Іске қатысты тергеу басталды.
Бұған дейін, 14 қазанда Қарағанды облысында бір әскери қызметкер өз басына оқ атқан еді.