BANNER

Тағы да пандемия: ДДСҰ ескерту жасады

Фото: unsplash.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус кез келген уақытта әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ұйым басшысы Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

- Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, - деді Гебрейесус.

Айтуынша, кезекті пандемияның басталуына құс тұмауы себеп болуы ықтимал.

Сондай-ақ ол әлем елдерін құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырды. Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарындағы індеттің соңғы жағдайларын алға тартты.

Айтуынша, тәуекел топтарға жататындар: 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.