Астана уақыты бойынша сағат 16:01-де Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісі тіркелді.
— Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 км. жерде орналасқан, — делінген хабарламада.
Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
1) Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз;
2) Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
3) Жиһаздардан, терезе, люстрадан алшақ тұрыңыз;
4) Тығылатын орын табыңыз, басыңызды қолыңызбен жабыңыз;
5) Жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін ғимараттан шығыңыз;
6) Шығар кезде суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7) Дабыл кезіне дайындаған сөмкеңізді алыңыз (алдын ала дайын тұруы керек);
8) Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алшақ болыңыз;
9) Жерасты дүмпулерінің қайталануына дайын болыңыз;
10) Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.